Тілеубаев Шамек Баянұлы

тарих ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институты «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» кафедрасының доценті міндетін атқарушы

291-46-72

Shamek_09@mail.ru

Образование

Жоғары, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінің күндізгі бөлімін «тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген;
1994 – 1997 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аспирантурасын 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша бітірген;
Тақырыбы: Жетісу облысындағы қазақ және қырғыз халықтарының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
Мамандығы: 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы).

Занимаемые должности

1994 ж. Алматы болыстық № 1 қазақ-түрік лицейінде тарих пәнінің мұғалімі;
1997– 1998 жж. «БИСС» фирмасында білім беру технологиялары бойынша менеджер;
1998 – 1999 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы Жоғары оқу орындары оқытушыларының білімін жетілдіру институтында жоғары дәрежелі инженер;
2000 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақстанның жаңа заман тарихы» кафедрасында оқытушы;
2000 – 2001 жж. «Қазақ Ұлттық энциклопедиясы» Бас редакциясының Қазақстан тарихы бөлімінде редактор;
2001 – 2004 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы» кафедрасында оқытушы, 2004 – 2008 ж. аға оқытушы;
2008– 2009 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Отан тарихы» кафедрасында аға оқытушы;
2009 – 2011 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институты «Гуманитарлық мамандықтар» кафедрасында аға оқытушы.

Исследования

Ұлт-азаттық қозғалыстары; Саяси репрессиялар тарихы; Алаш қозғалысы; Айтылған тарих.

Читаемые курсы на кафедре

1. Қазақстандағы саяси репрессия (ХХ ғ. 20-50 жж.).
2. 1931-1933 ж.ж. ашаршылық: мәселенің методологиясы, деректік негізі және тарихнамасы
3. Айтылған тарих: теориясы мен практикасы.
4. Қазақстан Кеңес империясы құрамында: саясат, экономика, әлеуметтік қатынастар және мәдениет.
5. Тарихнама және деректанудың теориялық-әдістемелік мәселелері.
6. Репрессияға ұшыраған түркология.

Автор курсов читаемых на кафедре

Оқылатын авторлық курстардың атаулары 

Публикации

Түрлі басылымдарда 50-ге жуық ғылыми мақалалары жарық көрген, 18 оқулық, оқу құралдары мен ғылыми жинақтарды даярлауға автор немесе құрастырушы ретінде қатынасқан. Елімізде іске асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының «Алаш қозғалысы», «Әлемдік тарихи ой» және «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» атты жобаларына және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сталинизм кезеңіндегі Қазақстан қоғамының күнделікті өмір тарихы Евразиялық тарихи процесс контекстінде (1920 – 1950 жж.)» атты іргелі зерттеулер жобасына қатысқан.
1. Талапты ауылы тұрғындарының айтқан тарихынан. // Қазақстан қоғамының әлеуметтік тарихы (ХХ ғ.) Тарих айту дәстүрі.
Ғылыми мақалар мен деректік материалдар жинағы. – Алматы, «Соло» баспасы, 2012. – 15-25 бб.
2. Қазақстан қоғамының әлеуметтік тарихы (ХХ ғ.) І-шығарылым: Алматы облысының Көксу, Ескелді және Панфилов аудандары тұрғындарының жадында сақталған тарихтан (ауызша тарих). Тарих айту дәстүрі. Ғылыми мақалар мен деректік материалдар жинағы. – Алматы, «Соло» баспасы, 2012. (Авторлық бірлікте).
3. Мағжан соңғы сөзінде Рысқұлов пен Қожанов туралы айтқан. // «Ақ желкен» журналы, 2013, № 7.
4. Шығыстанушы – Ахметов Ілияс жөнінде (тергеу материалдары бойынша). // «Садықов оқулары: білім беру кеңістігіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелері және жолдары» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 26-28 қыркүйек 2013 жыл. 432-434 бб.
5. «Тарихпен кәсіби тарихшылар айналысуы керек... ». // Қазақстанның ашық кітапханасы. Шілде 2013 ж. http://www.kitap.kz
6. Красный террор: из истории политических репрессий в Казахстане (Сборник документальных материалов 20-50-х годов ХХ века). – Алматы: «Алаш баспасы», 2013, - 384 с. (Авторлық бірлікте).
7. Алғашқы. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тарихынан (оқу орнын бітірушілер мен оқытушыларының еңбектері мен естеліктерінде). – Алматы: ҚазҰПУ, «Ұлағат», 2013, - 187 б. (Авторлық бірлікте).