Чт, 06-03-2014

Магистратура және phd докторантура институты театрда

2014 жылдың 4 наурызы күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Магистратура және PhD докторантура институтының ұжымы, магистранттары мен докторанттары «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесінің» құрметіне Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының билеттерін түгел сатып алып, "Келіндер көтерілісі" атты комедияға бардық.

Спектакльдің бүкіл билеттерін Институт сатып алғандықтан, театр ұжымы қойылымныңалдындағы 30 минутты бізге сыйлады. Біз өзіміздің ұжымның нәзік жанды ұстаздары мен докторанттарын, магистранттарын келе жатқан 8-наурыз қыз-келіншектер мерекесімен құттықтап, қысқаша концерт қойдық. Дарынды шәкірттеріміз – Ибраимов Саят, Рысқұлбеков Алмас және Құдайбергенов Нұрболдар кешті өте жақсы жүргізді. Кешубай Тұрсынбек, Расулов Бөрібек, Ертуғанұлы Жанұзақ сияқты магистратураның әнші жігіттері қыз-келіншектер мен апа-аналарымыздың құрметіне ән шырқаса, Саят оқыған монолог ел-жұрттың көзіне түгел жас үйірді.

"Келіндер көтерілісі" атты комедия өте қызық екен. Лидия Каденова, Бақыт Тушаев және басқа театр актерлары өз рөлдерін тамаша орындап, өнерлеріне бәрімізді тәнті етті. Театрдың актерларына да, біздің институттың қыз-келіншектері мен апайларына да мың алғыс!Жасасын қазақ театры!

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://b74769j9.bget.ru/index.php/rus/novosti/item/7-magistranty-v-teatre#sigProGalleria4e95b3a297

Сәбит Шілдебай,

Магистратура және PhD докторантура

институты директорының орынбасары