2012 жылдың қыркүйек айының 1-де Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институтының Қазақстан тарихы мен мәдениеті кафедрасы жанынан Айтылған тарих» ғылыми - зерттеу орталығы ашылды. Орталық жобалық зерттеулер негізінде өткен тарихи оқиғалардың куәгерлерінің көзқарастары мен пікірлері негізінде жаңа тарихи фактілерді айқындауды, естеліктер қорын жинастырып, оны келешек ұрпақ үшін сақтауды мақсат етеді. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүзеге асыру негізінде магистранттар мен докторанттарды ғылыми ізденіске тартуды, жас ізденушілердің қажетті біліктіліктері мен дағдыларын дамыту арқылы «Айтылған тарих» саласында болашақ мамандарды даярлауды, айтылған тарихты ғылыми зерттеу пән ретінде дәріптеуді негізгі бағыт ретінде ұстанады.


Орталық туралы толығырақ