Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және PhD докторантура Институты құрылған 2009 жылы қыркүйек айынан бастап «Саясаттану және әлеуметтік-экономикалық пәндер» кафедрасы негізделді. Ал, 2011 ж. қыркүйекте кафедрадағы «Құқықтану» және «Экономика» мамандықтары жеке кафедра болып бөлініп, «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасы болып қалыптасты. Құрылған күнінен бастап кафедраға белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Раушанбек Борамбайұлы Әбсаттаровжетекшілікетеді.

Қазіргі кезде кафедраның магистранттары мен докторанттары саясаттану, әлеуметтану және философия мамандықтары бойынша PhD докторантурада, ал саясаттану, әлеуметтану, философия, халықаралық қатынастар және мәдениеттану мамандықтары бойынша магистратурада өздерінің магистрлік және докторлық тақырыптары бойынша нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда.

Кафедра түлектері ректормен бірге


Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының нақты нәтижесі оқытушылардың, докторанттар мен магистранттардың әртүрлі саладағы іс-әрекеттерінде көрініс табады. Жарияланған ғылыми еңбектер ғылыми-теориялық, сонымен қатар, қолданбалы мәнге ие. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі оқу үдерісінде үнемі қолданылады.


Профессор Р.Б. Әбсаттаровтың редакциялық басқаруымен «Саясаттану және әлеуметтік ғылымдар» сериясы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы жариялануда. Бұл журналда қазақстандық авторлардың да, сонымен қатар шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстары жарық көреді.


Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының докторанттары мен магистранттарының ғылыми семинарының материалдары магистратура және PhD докторантура Институтының Еңбектерінде, ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда жарық көруде.


Кафедра қызметкерлері




Кафедрада Франциядағы Француз Мемлекеттік Лион-2 университетінің «саясаттану және әлеуметтану» кафедрасымен қарым-қатынас орнатылған. Сонымен қатар, Халықтар Достығы университетімен (Ресей Федерациясы), Лондон университетімен (Ұлыбритания), Стамбул Университетімен (Түркия Республикасы), Корея университетімен (Сеул қ.), Киев және Белорусь университеттерімен бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізілуде. (Академиялық ұтқырлық туралы толығырақ)


Ғылыми ынтымақтастық туралы Тулуза университетімен (Франция), Этвеша Лоранд атындағы Будапешт университетімен, Печ университетімен (Венгрия), Гранада университетімен (Испания) келісімдер жасалған.

Магистранттар шетелдік стажировкада

Магистранттармен жұмыстың жаңа нысандарының бірі олардың шетелдік стажировкаларын ұйымдастыру болып табылады. Кафедраның барлық мамандықтары бойынша магистранттар жоғарыда аталған шет елдің жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми стажировкадан өтеді. Магистранттар әр елдердегі оқу орындарында болып, магистрлерді даярлау тәжірибесімен танысады, жетекші ғалымдардың дәрістерін тыңдайды. Елімізден тысқары жатқан мемлекеттерге жасалған ғылыми іс-сапарлар практикасы магистранттардың ғылыми және кәсіби қызығушылықтарын ұлғайтуға мүдделі.

Магистрант түлектер


Кафедрада Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Саясаттану» кафедрасымен өзара бірлескен тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, кафедра ұжымы Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық университетіне, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне ғылыми мамандар даярлауға өз көмегін тигізуде.


Аталған ұжым магистранттар мен докторанттарды оқу-әдістемелік әдебиеттерімен қамтамасыз етуге үнемі көңіл бөлуде. Кафедра оқытушылары өздері сабақ беретін курстары бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, жарыққа шығаруда. Кафедрада этносаясаттану, салыстырмалы саясаттану мен этноәлеуметтану, ғылым-білім әлеуметтануы, халықаралық қатынастар, дінтану, мәдениеттану және философияның өзекті және зерттелмеген мәселелері бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізілуде. Кафедра мүшелері 15 монография, 16 оқу құралы, 2 оқулық, 1 практикум, 1 әдістемелік нұсқаулық, 2 брошюра, алыс шетелде 63 және таяу шет елде 12 мақала жарық көрді және 262 халықаралық және республикалық конференцияларда баяндама жасалды.

Кафедраның саяси-тәрбиелік жұмысы толығымен жоғары білімді, білікті мамандарды даярлау мақсатында магистранттар мен докторанттардың ғылыми көзқарасы мен танымын қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталған.