Педагогикалық мамандықтар кафедрасы өз жұмысын 2009-2010 оқу жылында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру үздігі (1995 ж.), ҚР білім берудің құрметті қызметкері (2005 ж.), ЖОО үздік оқытушысы Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызының басшылығымен бастады.

Кафедра 2009-2013 жылдар аралығында келесі мамандықтар бойынша магистрлер мен докторлар дайындауды қамтамасыз етті:

  • 6М010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие
  • 6М010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • 6М010300 – Педагогика және психология
  • 6М010100 – Психология
  • 6М010200 – Дефектология
  • 6М010300 – Дене мәдениеті және спорт
  • 6М010300 – Бейнелеу өнері және сызу
  • 6D010300 – Педагогика и психология
  • 6D010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

2013 жылы қайта құру нәтижесінде кафедра: педагогикалық мамандықтар және арнайы білім беру психологиясы болып екі кафедраға бөлінді.

Қазіргі уақытта кафедра келесі магистратура және докторантура мамандықтары бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындайды:

  • 6М010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие
  • 6М010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • 6М010300 – Педагогика және психология
  • 6D010300 – Педагогика және психология
  • 6D010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Кафедра өзінің құрылған жылдарында 10 PhD докторларын, 300 – ден аса педагогика және әлеметтану ғылымдары магистрлерін даярлады. Кафедра түлектері ҚР білім беру мекемелерінде және ЖОО-да маман ретінде сәтті қызмет атқарып келеді.

2011 жылы ҚР БҒМ шешімімен кафедрада «философия докторы» ғылыми дәрежесін беру бойынша Диссертациялық кеңес ашылды. Қазақстан Республиксы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары бойынша докторантураның 28 түлегі өздерінің жұмыстарын сәтті қорғап шықты.

Қазіргі таңда кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуеті 16 ғалымды құрайды, олардың ішінде 10 ғылым докторы, профессор; 6 кандидат, доцент және аға оқытушылар; оның ішінде 6 ҚР білім беру үздігі; 3 ҚР білім беру құрметті қызметкері; 3 «Ғылымды дамытқаны үшін» медалының иегері; 1 Ы.Алтынсарин медалының иегері; 3 «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері; 1 К.Д.Ушинский медалімен марапатталған; 1 ХПБА (МАНПО) -ның корреспондент мүшесі; 1 РЖА (РАЕ) -ның корреспондент мүшесі; 1 ЕАЕ-ның корреспондент мүшесі.

Кафедрада құрылған ғылыми мектептер университет шеңберінен тыс жерлерде де жоғары беделге ие болып келеді. Оған мысал ретінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.А.Бейсенбаеваның ғылыми мектебін атауға болады. Мектеп қызметінің негізгі бағыттары білім берудегі интеграция, рухани-адамгершілік даму, тұлғаның халықаралық білімділігі мен толеранттылық мәселелерін қамтиды. Мектептің қызметі шеңберінде жыл сайын шығармашылық кештер өткізіліп, онда ғылими-педагогикалық кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Кафедраның профессор-оқытушы құрамы үшін әдіснамалық семинар жұмыс жасайды. Үш жыл ішінде семинар келесі тақырып бойынша өз қызметін атқарды: «Магистранттар және PhD доктаранттарын профессионалдық дайындауда акмеологиялық тұғырды жүзеге асырудың психологиялық және педагогикалық шарттары». Көтерілген мәселенің қорытынды нәтижесі бойынша - «Жоғарыдан кейінгі білімдегі акмеологиялық амал: теория және тәжірибе» тақырыбы бойынша ұжымдық монография шығарылды.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жоғары білімнен кейінгі білім берудегі гетерогендік» тақырыбымен ғылыми жұмыс басталды, бұл тақырып қазіргі кезеңде бірден-бір өзекті болып табылады және білім беруде бірыңғайлылық және әр түрлілік жағдайындағы диалектикалық тұғыр, соның ішінде магистратура және докторантурада ерекше ғылыми зерттеуді қажет ететін гетерогендік орта ретіндегі мәселелер қарастырылады.

Кафедра ғалымдары жылдар бойы университеттік қолданбалы ректор гранты және ҚР БҒМ-ң бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында педагогика және психология саласында ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын сәтті жүргізіп келеді.

2012 жылы кафедра профессорлары Темпус – Эдука жобасына «Орталық Азия елдерінде білім беру менеджментін дайындау бойынша оқу бағдарламаларын дамыту және модернизациялау» тақырыбы бойынша қосылды. Кафедра мүшелерінің ғылыми- зерттеу нәтижелері ғылыми басылымдарда жарық көреді. Тек қана 2013 жылдың өзінде кафедра оқытушылары 8 монография, импакт-факторы бар рейтингті журналдарда12 мақала, 23 мақала шетел басылымдарда, 92 мақала қазақстандық басылымдарда; соның ішінде БжҒСБК басылымдарында – 21 және т.б. Магистрлер мен докторанттар даярлау бағдарламасының жеке пәндері бойынша электрондық оқулықтар жасалды.

Ғылыми тағылымдамада

Кафедра жоспар бойынша жыл сайын халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларды, симпозиумдарды және дөңгелек үстелдерді ойдағыдай өткізіп келеді. Соңғы 5 жыл аралығында 3 ХҒПК, республикалық дәрежеде 2 дөңгелек үстел, политология және әлеуметтану кафедрасымен бірлесе отырып білім берудегі әлеуметтану мәселесіне қатысты халықаралық симпозиум өткізілді.

Кафедра қызметінің негізгі бағыттарының бірі халықаралық іс әрекет болып табылады. Бұл іс әрекет шет елдерде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау тәжірибесін зерттеу және шығармашылық түрде қолдану, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін атақты профессорларды тарту, докторлық зерттеулерге кеңес беру, ғылыми тағылымдама өткізу, студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған.


Кафедра қызметкерлері



Осы жылдары кафедра белгілі шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс орнатты. Қазіргі таңда кафедраның партнерлері болып 18 шетел университеті, соның ішінде: Университтер: Юта (Логан, АҚШ); Анкара және Гази (Түркия) Донгуктік университет (Оңтүстік Корея); Лейпцик университеті (Германия); Печ университеті (Венгрия); Әулиеле Кирилл және Мефодий атындағы Великотырнов университеті (Болгария); Гданьск университеті (Польша); Литва эдукологиялық университеті (Литва); Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті (Украина); Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті және т.б.

2011 жылдан бастап серіктестік шарттары негізінде шетелдік ЖОО-нан 30-дан аса профессорлар келіп, әлемде білім беру дамуының алдыңғы қатарлы бағыттары жайлы дәрістерін оқып, шеберлік сыныптарын өткізді.

Жыл сайын кафедра жоспары бойынша докторанттар мен магистранттар жоғарыда аталған ЖОО-на ғылыми тағылымдамаға бару ұйымдастырылады. 2013 жылы кафедра магистранттар, Лейпциг, Мәскеу және в Великотырновск университеттерінде болып қайтты. 2013-2014 оқу жылында педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранттары академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Вильнюс Эдукология Университетінде оқып, ондағы белгілі профессорлардың дәрістеріне қатысуға мүмкіндік алды.