Физика, механика және кәсіптік оқыту кафедрасы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институтының жаңа құрылған кафедраларының бірі. Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен «физика», «механика» және «кәсіптік оқыту» мамандықтары жаратылыстану мамандықтары мен информатика және механика-математика ғылымдары кафедраларынан бөлініп, 2012 жылдың 1-қыркүйегінде бір кафедраға бірікті.

Кафедра қызметі жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаны жүзеге асыруға, сондай-ақ физика және кәсіптік оқыту саласындағы 6М011000-Физика, 6М060400-Физика, 6М12000-Кәсіптік оқыту, 6D011000-Физика бағыттары бойынша ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлауға бағытталған. Қазіргі кезде кафедрада мамандардың тілдік дайындығына және кәсіби өсуіне мүмкіндік туғызатын көптілді топ аясында оқытуға ерекше көңіл бөлінген.

2012-2013 жж. кафедраны физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әлмұхан Баймаханұлы басқарды, қазір ол университеттің қолданбалы физика және математика институтының директоры. 2014 жылдың қаңтарынан кафедраны Жаратылыстану ғылымдары Қазақстан ұлттық академиясының корреспондент мүшесі, институттың ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасары, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Бейшенұлы Тілебеков басқаруда.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 8 адамнан тұрады, олардың бесеуі ғылым докторлары, профессорлар: Қ.Б.Тілебаев, М.С.Молдабекова, Г.Б. Әлімбекова, У.Қ. Тоқбергенова, Д.М.Қазақбаева, екеуі ғылым кандидаттары, профессорлар Б.Е.Акитай және Р.Башарұлы және PhD докторы, аға оқытушы Д.Насирова.Сондай-ақ магистратурада және докторантурада оқытудың ғылыми бағытталуын күшейту бағытында республиканың жетекші ғалымдары –профессорлар Ә.Баймаханұлы, М.К. Құлбек, А.В.Купчишин, Қ.М.Мұкашев, А.Қ.Шоқанов, Қ.Қ.Истеков, В.С.Лысенко (Абай атындағы ҚазҰПУ-дың физика-математика факультеті), Л.М.Чечин(В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институты) және ғылым кандидаттары, профессорлар (Абай атындағы ҚазҰПУ-дың физика-математика факультеті)дәрістер оқуға оқиды.

Кафедраның ғылыми бағыты

Кафедраның ғылыми жұмысының негізгі бағыты жоғары оқу орнында және 12 жылдық білім беруге өтуде мамандарды (физика және кәсіптік оқыту) даярлау болып табылады. Осы бағытқа сәйкес кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми-әдіснамалық жұмысы кафедраның мамандықтарының ерекшеліктеріне сәйкес білім сапасын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға, тұлғалық бағдарланған оқытуды жүзеге асыруға, білім алушылардың әлеуеттік мүмкіндіктерін ашуға қарай бағытталған.

Ғылыми-зерттеулердің негізгі бағыттары білім беру жүйесінде физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі, заманауи физиканың өзекті проблемалары, жоғары кәсіптік білім берудің теориясы мен практикасы салаларын қамтиды.

Физика және кәсіптік оқыту бойынша педагогикалық мамандарды даярлау кәсіптік нарықтың нақты талаптарына сүйенеді.

Физика мамандығы бойынша білім алушылар үшін жас физиктердің 5 халықаралық мектебі ұйымдастырылды, оған көрнекті ғалымдар Н.Ж.Тәкібаев (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Герман Боос (Германия), Каджи Фуджи (Жапония), С.И.Зайцев (Ресей), сол сияқты ҚР «Қазатомпром» ғалым-физиктері қатынасты.


Кафедра қызметкерлері



Кафедрада жыл сайын білім алушылар мен профессор-оқытушы құрамы үшін халықаралық деңгейде ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізіледі. «Семей полигонының жабылуы» тақырыбында өткізілген халықаралық форумға Россия, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және т.б. елдерден ғалымдар келіп қатынасты, «Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарында нанотехнологияны оқытудың әдіснамалық негіздері» атты ғылыми-әдістемелік және теориялық семинар өткізілді.

Шетелдік ғалымдармен кездесу

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы кафедраның докторанттары мен магистранттарын тарта отырып, ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді түрде айналысады. Кафедраның ПОҚ ғылыми нәтижелерін Scopus, Thomson Reuters және РҒСИ деректер базасына кіретін журналдарда жариялайды. Сонымен бірге, кафедрада ҚР БҒМ іргелі жобалары мен Абай атындағы ҚазҰПУ қаржыландыратын жобалар орындалады. Жобаларды орындауға кафедраның докторанттары мен магистранттары да өз үлестерін қосады.

2011 жылы «Физика және нанотехнологиялар зертханасы негізінде нанотехнологияларды дамыту» студенттік ғылыми жұмысы аяқталып, оның нәтижесінде шетелдік ғалымдармен бірлесіп жасалған «Физика бойынша зертханалық практикум: NANOMAKER виртуалды практикумы, нанотехнологиялар мен термодинамика» оқу құралы жарық көрді.

PhD докторы Д.Насирова Вупперталь (Германия) университетіндегі ғылыми тағылымдамасы
Магистрант Б.Әбдіқадыровтың Дюссельдорф (Германия)университетінің Халықаралық білім беру орталығындағы ғылыми тағылымдамасы

Кафедраның магистранттары мен PhD докторанттары үшін жыл сайын Ресейдің, Белоруссияның, Латвияның, Болгарияның, Германияның, Қытайдың жетекші ЖОО-на шетелдік тағылымдамалар ұйымдастырылады (академиялық ұтқырлық туралы). Докторанттар мен магистранттар жұмыс тәжірибесімен алмасып, белгілі ғалымдардың дәрістерін тыңдайды. Сондай-ақ кафедраның магистранттары мен PhD докторанттары және профессор-оқытушы құрамы үшін біздің саланың жетекші ғалымдары профессор С.И.Зайцев (Ресей), профессор Герман Боос (Германия), профессор К.Фуджи, А.Тонзаки, К.Като, Ш.Орю (Жапония) және т.б. мастер-класс өткізді.

Физика, механика және КО кафедрасы Жапонияның, Германияның, Латвияның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарымен тығыз байланыс орнатылған және олардың көпшілігімен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен шарттар жасалған.

Профессор Ә.Баймаханұлы магистранттармен сабақ өткізуде
Профессор М.С.Молдабекова магистранттармен сабақ өткізуде

Кафедраның негізінде нанотехнологиялар (УМКА оқу-зерттеу кешені және СММ2000 сканерлейтін мульти-микроскопы) мен термодинамика (ММТП оқу-зерттеукешені) бойынша заманауи жабдықпен жабдықталған «Физика және нанотехнология» зертханасы бар.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы магистранттармен және докторанттармен эдвайзер және тәлімгер ретінде үлкен тәрбие жұмысын жүргізеді. Кафедра оқытушыларының тәрбие жұмыстары дәріс, семинар сабақтарында және аудиториядан тыс шаралар өткізу кезінде жүзеге асырылады. Белгіленген график бойынша кафедра оқытушылары жатақханада кезекшілік жасайды және онда да тәрбие жұмысына көңіл бөлінеді.