2009 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Магистратура және PhD докторантура институты ашылды. ( Институт туралы толығырақ ) Бұл университет ректоры, академик С.Ж.Пірәлиевтің тікелей белсенділігімен ашылған республикадағы тұңғыш жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу орны болып саналады. Институттың директоры болып экономика ғылымдарының докторы, профессор Г.Б.Нурлихина тағайындалды.

Аталмыш институттың білім беру саласындағы мақсаты – республиканың ЖОО бітірген мамандардың кәсіби білімі мен біліктілігін арттыру үшін әлемдік жаңа білім беру кеңістігінде бәсекелестікке қабілетті магистрлер мен PhD докторларын дайындау.

Кафедра мына мамандықтар бойынша кадрлар дайындайды (оқу мерзімі 1,5 жыл 2 жыл):

Магистратура

  • 6М011600 - География
  • 6М060900 – География
  • 6М011300 - Биология
  • 6М060700 – Биология
  • 6М011200 - Химия
  • 6М011200 - Химия
  • 6М060600 – Химия
  • 6М060800 - Экология.

Докторантура

  • 6D011600 - География
  • 6D060900 – География
  • 6D011300 - Биология
  • 6D060700 – Биология
  • 6D011200 - Химия
  • 6D060600 – Химия.

Кафедра магистратура және PhD докторантура институтының ашылуына байланысты 2009 жылы құрылған. Кафедраны ф-м.ғ.д., профессор М.Бектемесов, (2009-2010) академик Н.Ж.Такибаев, (2010-2011) п.ғ.д., профессор Ж.Б.Шілдебаев, (2011-2013), б.ғ.д.,профессор Аралбай Н.К. (2013) басқарады. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы (ПОҚ) 38 адамды құрайды. Оның 18 оқытушысы ғылым докторлары, 17 ғылым кандидаттары – доценттер. Олардың екеуі ұлттық академияның толық мүшесі академиктер. Кафедраның жетекші оқытушы профессорлары елімізге танымал ғалым-педагогтар. Атап айтқанда ғылым докторлары мен профессорлар Ж.Б.Шілдебаев, О.Б.Мазбаев, Д.Б.Джусупова, Б.Н.Мынбаевалар ҚР Білім және ғылым министрінің «ЖОО үздік оқытушысы» деген мемлекеттік грант иегерлері. Кафедра оқытушылары Ресей, Турция, КХР, Германия, Оңтүстік Корея (Сеул), Франция және т.б. елдердің ЖОО байланыс жасап екі жақты іс-тәжірибе алмасады. Магистрлер мен докторанттар іс-тәжірибені шетелдерде тағылымдамадан өтеді.

Кафедра мақсаты:

біліктілігі мен жауапкершілігі жоғары, бәсекелестікке қабілетті әлемдік масштабтағы жаратылыстану мамандарын даярлау.

Кафедра ПОҚ мына бағытта іргелі ғылыми зерттеулер жүргізеді:

  • - Қазақстанның табиғи қорлары, оны тиімді пайдалану және биоэкологиялық мониторинг жүргізу;
  • - география ғылымының іргелі заманауи бағыттары;
  • - биоактивті полимерлік материалдар және физика-химиялық зерттеулер;
  • - мұнай қалдықтарын өңдеу мәселелері және техногенді бүлінген жерлерді қалпына келтіру.

Кафедра химия, биология, экология, география және туризм салалары бойынша білікті магистрлер мен докторларды даярлайды. Академиялық топтар мемлекеттік және орыс тілдерінде білім алады, сондай-ақ шет тілдерінде білім алатын арнайы топтар да бар. Бүгінгі күні кафедрада 148-ден астам магистранттар мен 2 докторант білім алуда.

Оқу үдерісі кезінде магистранттар жоспар бойынша педагогикалық, өндірістік және далалық іс-тәжірибе өтеді. Екі жыл ішінде магистранттар шетелге 1-2 апталық тағылымдамадан сынақ ісінен өтсе, ал докторанттар 2 курста 3 айға дейін шетелдік тағылымдамадан өтеді. Білім алушыларға университет оқытушылармен қатар алыс-жақын шетелдерден шақырылған білікті мамандар дәріс береді. Мәселен, соңғы жылдары ғана жаратылыстану мамандықтары бойынша Ресейден профессор В.А. Изумрудов, Германиядан профессор Мартин Хофрихтер, Х.Боос, Оңтүстік Кореядан Джи Кук Шим және Жапония, Өзбекстан, Украинадан мамандар келіп дәріс оқыды. Дәріс берушілердің ішінде Ж.Шілдебаев, Г.Мейірова, Б.Н. Мынбаева, К.Д. Каймулдинова, О.Б.Мазбаев, К.Бакирова, Д.Джусуповалар «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері.

2011 жылы 27 қазанда кафедраның жетекшілігімен «Нефтехимия и химические технологии» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияға Россия, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және т.б. елдерден ғалымдар келіп химия ғылымы саласында халықаралық деңгейде ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында магистр-химиктер, докторанттар шетелдік ғалымдармен кездесу өткізген дөңгелек стол үстінде әлемдік білім кеңістігіндегі проблемалар бойынша пікір алысып, келісім-шарт жасалды.

Болашақ бітірушілерге деген сұраныс жылдан жылға артуда. Диплом алған магистрлер мен докторлар республикалық ЖОО жолдама алса, кейбіреулері «Химия», «Зоология», «География», «Микробиология және вирусология» және т.б. мекемелерге қызметке шақырылады.

Химия мамандықтары ( мамандықтар тізімі) бойынша магистранттар мен докторанттарға 5 ғылым докторы дәріс береді. Олардың ішінде академик Е.А. Бектуров, профессорлар Мейірова Г.И., Ж.А.Шоқыбаев, М.Е.Ермағанбетов, С.Е.Құдайбергеновтердің білім мен практиканы ұштастыра отырып магистранттар мен докторанттардың білімін жоғарылатуда. Болашақ жоғары білікті мамандар химия зертханасында заманауи приборлармен жұмыс жүргізіп практикалық білім алады. Зертхана құны 20 млн. асатын құрал-жабдықтармен жасақталған.

Биология және экология мамандықтарына 12 профессор-оқытушы құрамы дәріс жүргізеді. Олардың 9 ғылым докторлары, профессорлар. Дәріс беру жоғары деңгейде өтеді. Арнайы жабдықталған «Биоэкомониторинг» зертханасы магистранттар мен докторанттарға қызмет істейді. Барлық оқытылатын дәрістер өндірісте іс-тәжірибелермен ұштастырылады, сондай-ақ, университеттің базалық факультеттермен тікелей байланыста оқытылады. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы мамандықтардың магистранттары университеттің базалық факультеттерінде педагогикалық практикадан өтсе, ал ғылыми бағыттағы мамандықтары іс-тәжірибелерін зоология, ботаника, микробиология, физиология және т.б. ғылыми-зерттеу институттарында өтеді.

Биология және экология мамандықтары магистранттар мен докторанттарға білікті мамандар, профессорлар Ж.Б.Шілдебаев, А.Т.Қанаев, Л.Б.Сейлова, Н.К.Аралбай, К.Ш. Бакирова, Б.Н.Мыңбаевалар дәріс оқиды. Магистранттардың диссертациялық тақырыптары олардың болашақ мамандығымен сәйкес келеді. Докторлық диссертация тақырыптары университет ректорының бұйрығымен құрылған Координациялық Кеңесте қаралып, бекітіледі.


Кафедра қызметкерлері



Кафедраның оқытушыларымен оқу процесіне инновациялық оқыту технологияларын ендіру жаксы жолға қойылған. Мәселен, профессор А.Т.Қанаевтың «Биотехнология әдістемесі», «Су экологиясы», «Микробиология және вирусология», «Экология» оқу құралдарының электронды нұсқасы өндіріске енгізілді. Ал, профессор Ж.Б.Шілдебаевтың «Биология» 9-сынып оқулығы 3 кешенімен, «Экология» 9-сынып оқулығы 4 кешенімен, «Биология» 11-сынып оқулығы 3 кешенімен және ЖОО арналған «Биогеография», «Экология және тұрақты даму», «Қазақстанда ерекше қорғалған табиғи аумақтар және биоалуантүрлілік» оқулықтары мен оқу құралдары ҚР Білім және Ғылым министрінің бекітуімен оқу процесіне енгізілген. К.Ш.Бакирова модульдік оқыту технологиясы бойынша инновациялық бағытта оқу құралдары, монографиялармен 3 импакт-фактор деңгейдегі ғылыми еңбектер жарияланды. Ал, Б.Н.Мыңбаева республикалық деңгейде ғылыми жобалар грантының иегері болса, соңғы жылдары ғана 12 мақаласы импект-факторы бар журналға шықты. Профессор А.Т.Қанаев – Халықаралық ғылыми жобаларының иегері. Әрі Ресей Жаратылыстану академиясының академигі болып сайланды.

Зертханада

География және туризм мамандығы боынша 6 оқытушы-профессор сабақ береді, олардың ішінде академик А.С. Бейсенова және ғылым докторлары О.Б.Мазбаев, К.Д. Каймулдинова, профессорлар Ж.А. Буланбаев, доценттер Қ. Мұса, К.К. Мұздыбаева және Д.М.Боранқұловалар өз саласының білікті мамандары. Сол сияқты магистранттарға дәріс оқуға география ғылыми-зерттеу институтынан г.ғ.д., профессорлар Ж.Достай, А.Тұрсынов, М.Медеу дәріс оқуға ұдайы шақырылады. Сол сияқты Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нен г.ғ.д., профессор Ш.М. Надыров, А.П. Горбунов дәріс оқиды. Мұндағы мақсат магистранттар мен докторанттарды ТМД және Қазақстанға белгілі географ ғалымдармен таныстырып ақыл-кеңес және іс-тәжірибе алмасу болып табылады. Бүгінгі таңда доцент Д.М.Боранқұлованың жетекшілігімен ГИС технология зертханасы ұйымдастырылып, доцент Д.М.Боранқұлова география кабинеті жабдықталуда.

Барлық мамандықтар бойынша кафедрада оқу жұмыс жоспары бекітілген. Сондай-ақ, кафедра мамандықтары бойынша қос дипломдық бағдарлама, нанотехнологиялық, қашықтан оқыту, ГИС технология, интерактивті оқыту технологиясы оқу процесіне енгізіліп, болашақ мамандарға жүйелі білім берілуде.

Оқытушылардың біліктілігін арттыру – біліктілікті дамыту және қайта даярлау институттарында, шетелдік жоғары оқу орындарында өтуде. Оқытушылар мен білім алушылар үшін Ұлттық кітапхана, ҚР Ұлттық ғылым ордасының кітапханасы, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ғылыми-педагогикалық кітапханалары қолжетерлік жағдайда қызмет етеді. Бәрі де оқу ғимараты жанында орналасқан.

Кафедра оқытушылары магистрлермен оқу-тәрбие үдерісін университеттің қоғамдық, мәдени іс-шараларымен бірлестіре жүргізіп келеді. Жақында институт қабырғасында өткен «Сенбілік», «Мұғалімдер күні», «Магистрлермен кездесу» есте қаларлық жағдайда өтті. Әсіресе 1 курс магистрлерімен профессорлар-оқытушылар құрамының кездесуі кезінде оқытушы-профессорлар өз салалары бойынша кредиттік оқу жүйесінің қыр-сырымен білім алушыларды таныстырып, ақыл-кеңес берді.

Кафедрада магистрлермен жұмыс жүргізу үшін ПОҚ құрамы дерліктей эдвайзерлік және тәлімгерлік жауапкершілікке тартылған. Әрбір оқытушының тәрбиелік - күнтізбелік жоспары, жеке оқу жоспарлары кафедрада қаралып бекітілген.

Болашақ бітіруші магистрлер және докторанттармен кәсіби бағдар беру жұмысы кафедрада жақсы жолға қойылған. Кафедрада бітіруші студенттер үшін «Ашық есік күні», «Дөңгелек стол» өткізу күн тәртібінде тұр.

Жаратылыстану мамандықтары кафедрасы бойынша бітіруші мамандарға сұраныс көп. Қазіргі кезде Абай атындағы ҚазҰПУ, география-экология факультетінде, магистратура және PhD докторантура институтында ғылым кандидаттары Қ.Қ.Мұздыбаева, А.В. Егоров, аға оқытушылар болып А.Бенкутова, Р.Искакова, Н.Шакирова, Қ.Садықова, Б.Тастанова, А.Құспанова, Ж.Қалдыбаева қызмет атқарады. Қорқыт Ата мемлекеттік университетінде ғылым кандидаттары О.Айдаров, Н.Әуезова, Т.Абдирова ұстаздық етуде. АТУ-де А.Сейлхан, Б.Такибаева, М.Адамбекова аға оқытушылар, ал Ж.Шалабаева, А.Ұзақова, А.Грачевтар химия және зоология ғылыми-институттарының ғылым қызметкерлері. Ал басқа оқу орындары мен мемлекеттік мекемелерде жауапты қызмет істеп жүргендерде баршылық. Яғны бізді бітіруші магистранттардың мониторинг нәтижесі бойынша 90%-на сұраныс бар деп мақтанышпен айта аламыз.

Қорыта келгенде, магистратура және PhD докторантура институты жыл сайын жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талапкерлерді қабылдап мемлекеттік білім стандартына сәйкес диплом береді. Бізді бітірген магистрлер мен докторанттар жоғары оқу орындарында, білім департаменттерінде, ғылыми зерттеу мекемелерінде, колледждерде т.б. мекемелерде қызмет атқаруға жолдама алады. Барлық білім алушылар стипендиямен және жатақханамен қамтамасыз етілген.