ИМжБА кафедрасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және PhD докторантура институтының құрамына кіреді. Кафедра қызметі ЖОО-нан кейінгі білім беру программаларын жетілдіруге, сонымен қатар информатика, математика және білімді ақпараттандыру аймағында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.

Кафедра 2010 жылы 1 қыркүйекте информатика және білімді ақпараттандыру аймағында мамандарды даярлау мақсатында ашылды және Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы аталды. 2011 жылдың басында математика мамандығы бойынша даярлау туралы шешім қабылданды. 2011 жылдың қыркүйек айында механика мамандығы бойынша даярлау басталды және осыған байланысты информатика және механика-математика мамандықтары кафедрасы деп атауы өзгертілді. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап механика мамандығы бойынша даярлау жұмысы басқа кафедрада жүргізілді.

Кафедрада математика және информатика мамандықтары ( мамандықтар тізімі) бойынша екі бағытты лицензиялары бар: ғылыми және білім беру бағыты.

Қазіргі уақытта кафедрада оқыту программалары бойынша даярлаудың келесідей мамандықтары бар:

Магистратура

  • 6М011100-Информатика (2 жыл)
  • 6М010900-Математика (2 жыл)

Докторантура

  • 6D060100-Математика (3 жыл)

Кафедра меңгерушісі 30-жыл жұмыс тәжірибесі бар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетінің информатика және қолданбалы математика кафедрасының құрылуына және дамуына зор ықпал етуші педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бидайбеков Есен Ыкласович. Бидайбеков Есен Ыкласович білімді ақпараттандыру Халықаралық академиясының академигі болып табылады (МАИН). 2007 және 2012 жылдар аралығында звания «Лучший преподаватель ВУЗа за год» атағына ие болды.

Кафедраның негізгі құрамы Абай атындағы ҚҰПУ-нің физика-математика факультетінің оқытушыларынан, сонымен қатар, атақты ғалымдардан (п.ғ.д., проф Е.У. Медеуов, т.ғ.д. Г.У Уалиев, ф.ғ.д. проф. М.А. Бектемесов және т.б. ) құралды.

Кафедрада Мемлекеттік грант иегерлері «Лучший преподаватель ВУЗа за год» атағына ие болған ғылым докторлары: »: Е.Ы. Бидайбеков (2007 ж., 2012 ж.), Б.Р. Каскатаева (2010 ж.) жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта кафедраның профессорлік-оқытушы құрамы 11 мұғалімнен тұрады: олардың 2- ғылым докторы, профессорлар, 2- ғылым докторы, доценттер, 3 - ғылым кандидаттары, доценттер және 2-ғылым кандидаты аға оқытушылар, 2 – PhD докторанттары, аға оқытушылар.

Кафедраның ғылыми бағыты келесі аймақтарды қамтиды: информатика және білімді ақпараттандырудың теориясы және әдістемесі; білім беру жүйесіндегі математикадан оқыту әдістемесі және теориясы; дифференциал теңдеулер және қолданбалы математиканы зерттеудің заманауи мәселелері; қолданбалы механиканың негізгі мәселелері; жоғары мамандандырылған білім берудің теориясы және практикасы.

Кафедрада ғылыми-әдістемелік «Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері» атты семинар қалыптасқан. Семинардың жұмыс барысында оқытудың әдістемесі және теориялары және ЖОО-ы мен мектепте информатикаға тәрбиелеудің мәселелері, білімді ақпараттандырудың орташа мамандандырылған білім беру жүйелерінен кейінгі сұрақтары мен мәселелері, «Информатика» білім беру аймағындағы ҚР МБЖО кезеңіндегі жағдайы, қазіргі жұмыс жасап жатқан докторлар мен ғылым кандидаттары өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін келесі мамандықтар бойынша 13.00.02, 13.00.08 (Ж.К. Нурбекова, С.С. Усенов, Б.С. Ахметов, А.Е. Сагимбаева, Г.Б. Камалова, Ш.Т. Шекербекова, Л.Б. Рахимжанова, С.Н. Конева, Н.Т. Ошанова, Б.Г. Бостанов және т.б.) көрсетті. Семинарда келесідей Ресейдің білім беру жүйесіндегі информатика және білімді ақпараттандыру аймағының ғалымдары және жүргізуші мамандар қатысады: проф. С.Г. Григорьев, проф. В.В. Гриншкун, проф. Корнилов В.С., проф. Н.И. Пак, проф. Бороненко, проф. О.Ю. Заславская, проф. М.А. Первин және т.б. Бүгінгі таңда семинарда магистранттар мен PhD досторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері, ҚР МБЖО республиканың білім беру жүйесіндегі білімді ақпараттандыру мазмұны, ППС командировкалары бойынша ел арасында және шет елдердегі ғылыми-есеп беру (Е.Ы. Бидайбеков - Ресей, Туркия, Польша, Жапония; Б.Р. Каскатаева – Ресей; Г.Б. Камалова – Ресей; Л.Б. Рахимжанова - Германия; С.Н. Конева - Туркия, Үндістан, Португалия; Б.Г. Бостанов – Польша; Н.С. Баймулдина – Ұлыбритания, Венгрия) жұмыстары жүргізіледі.

Кафедрада Intel фирмасымен бірге «Болашақ ХХІ ғасыр үшін оқыту» программасы бойынша оқытушылар мен мұғалімдерді даярлау жүргізіледі, соның нәтижесінде оқытушыларға қазақ тіліне аударылған оқу құралы (Е.Ы. Бидайбеков, Н.Т. Ошанова) жасалынды.

Кафедрада проф. В.В. Гриншкунның «Білімді ақпараттандырудың мәселелері» (2011 ж.мамыр, 2012 ж., 2013 ж. МГПУ, Ресей), проф. И.Н. Скопиннің « Параллель программалауға ерте кезден оқыту» (2011ж. Қазан, НГУ,. Ресей), М.А. Первиннің ( 2013 ж. желтоқсанда) мастер-класс сабақтары жүргізілді. 2011 жылы маусым айында оқытушыларды, докторанттар және магистранттарға «ЖОО-ң оқытушыларына арналған электрондық оқыту копонеттерін енгізу» (доц. Туенбаева К.Т.) атты Ұлттық ақпараттандыру орталығыммен бірге оқу шаралары жүргізілді.

2013жылы кафедрадан 6D060100-Математика мамандығы бойынша бір PhD докторант және 6М011100-Информатика мамандығы бойынша 12 магистрант, 6М0109006-Математика мамандығы бойынша 15 магистрант бітіріп шықты. Қазіргі уақытта кафедрада: 6М011100-Информатика (Булакбаева И.М., Туякова Н.С., Дюсебаева А.О.); 6М010900-Математика мамандығы бойынша (Джургабаев Б.Е., Умаров Б., Есполов Б., Мырзабаева А.) үздік оқушылар бар.

Магистранттар және докторанттар ай сайын шекаралас (НГУ Ресей, МГПУ Ресей, КПУ Ресей) және алыс (Франция, Германия, Венгрия) шет елдерінен ЖОО-нан ғылыми тәжірибе алмасады.

Кафедра қызметкерлерімен бірге ғалымдар : Омск мемлекеттік педагогикалық университеті (Омск қ.), Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (Мәскеу қ.), Новосибирск Мемлекеттік университеті (Новосибирск қ.), Краснодар университеті (Краснодар қ.), Өзбекстан республикасының ғылыми математика институты және ақпараттық технологиялар Академиясы (Ташкент қ.), Печь университеті (Венгрия) (University of Pecs (Hungary)), Сантьяго де Компотела университеті (Испания) , Каунасс техникалық университеті (Литва), Таллинский университеті (Эстония), Вильнюсский педагогикалық университеті (Литва), Кернтен/Виктор Франкл Университеті (Австрия), Геология және гоефизика институты (Қытай ғылым академиясы) біпге жұмыс жасайды.


Кафедра қызметкерлері



Кафедраның ғылыми таңдамалы нәтижелері тек қана ППС тәжірибелік конференциялары мен халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысу емес, сонымен қатар, докторанттар мен магистранттар болып табылады. Бір жыо ішінде ППС кафедрасынан шет ел конференцияларына (Қазақстан, Ресей, Түркия, Үндістан, Португалия, Польша, Жапония) қатысты.Кафедра қызметкерлері ҚР МБЖО (Е.Ы. Бидайбеков, М.А.Бектемесов, К.Т. Искаков, Г.Б. Камалова, Л.Б. Рахимжанова, С.Н. Конева, Ш.Т. Шекербекова), типтік программа (Е.Ы. Бидайбеков, Г.Б. Камалова, Сагимбаева А.Е., Л.Б. Рахимжанова, С.Н. Конева, Ш.Т. Шекербекова, Н.Т. Ошанова, Б.Г. Бостанов) және бакалавр мамандықтарыныа арналған, математика және информатика бағыттары бойынша магистратура және докторантура оқу-әдістемелік құралдарының өңдеуіштері болып табылады. Сонымен қатар, ППС 12-жылдық білім беру программасына өтуге белсене қатысады: оқу программаларының мемлекеттік стандартының, мектепте информатика пәнінен білім берудің мұғалімдерге арналған оқулық және әдістемелік құралдарының авторлары болып табылады.

Кафедра барлық деңгейдегі толық кредиттік оқыту технологиялары режиміне өту бойынша жұмыс жасайды. Барлық оқытылған курстар бойынша типтік программалар, силлабустар, жұмыс программалары, жаңа әдістемелік кешен құру жұмыстары өңделінген. Қазіргі уақытта пән бойынша ақпараттық білім беру ресурстары бойынша, Moodle жүйесі қорында электронды әдістемелік-оқу құралы кешендерін құру жұмыстары жүргізілуде. Дәрістік және семинар сабақтар компьютер сыныптарында жүргізіледі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электронды білім беру басылымдары мен ресурстары, бақылауға арналған компьютерлік тестлеу жүйелері қолданылады.