Қазақстан тарихы мен мәдениеті кафедрасы

Кафедра меңгерушісі – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, Халықаралық Сократ сыйлығының иегері (Оксфорд, Ұлыбритания), Вена Халықаралық қатынастар университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері, «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, Қазақстан тарихшылары қауымдастығының президенті Қойгелдиев М.Қ.

Қазақстан тарихы мен мәдениеті кафедрасы төмендегідей мамандықтар бойынша магистрлер мен PhD докторлар дайындайды ( мамандықтар тізімі):

Магистратура

  • 6М 011400 – Тарих
  • 6М 020300 – Тарих
  • 6М 050500 – Аймақтану
  • 6М 010700 – Бейнелеу өнері және сызу (1 жылдық)
  • 6М 010700 – Бейнелеу өнері және сызу (2 жылдық)

PhD докторантура

  • 6D 011400 – Тарих
  • 6D 020300 – Тарих
  • 6D 010700 – Бейнелеу өнері және сызу

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұзақ мерзімді дамуға арналған басым бағыттары аясында магистрлер мен PhD докторларды даярлау сапасын көтеру мақсатында 2009 жылы Магистратура және PhD докторантура институты жеке құрылым ретінде ашылып оның құрамында ( институт туралы толығырақ) «Гуманитарлық мамандықтар» (қазіргі – «Қазақстан тарихы мен мәдениеті») кафедрасы құрылды. Құрылған уақыттан бастап кафедра ұжымы Қазақстан тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелерін зерттеуде отандық ғылым саласына салмақты үлес қосып келеді. Кафедрада тарих, аймақтану, әлемдік және отандық өнер теориялары, өнер педагогикасы сияқты ғылыми салалар бойынша зерттеулер жүргізілуде және білім берілуде.

Кафедраның профессор-оқытушылары магистранттар мен докторанттарға отан және әлем тарихының, тарихнама мен деректанудың қазіргі кезеңдегі теориялық-әдістемелік мәселелері мен білім беру технологиялары бойынша міндетті курстар және мынадай арнайы курстар: «Отан тарихы: мазмұны, мәселелері, жеке тұлғалары (ХХ ғ.)», «Қазақстандағы саяси репрессиялар тарихы (ХХ ғ.)», «Алаш қозғалысы: жаңа деректер негізінде мәселені қайта қарау», «Айтылған тарих: теориясы мен практикасы», «Күнделікті өмір тарихы: әдістері мен методологиясы және зерттелуі», «Жаңа және қазіргі замандағы қоғамдық-саяси ой», «Тарихи зерттеулердегі және білім берудегі информациялық технологиялар», «Ұлттық көркем мәдениеттің теориясы мен тарихы», «Полимәдениетті білім берудегі «бейнелеу өнері» және т.б. курстар оқиды. Кафедрада Х1Х-XXI ғ.ғ. отандық тарихын және өнертанудың зерттеудің методологиялық мәселелерін қарастыратын ғылыми-теориялық семинар тұрақты түрде жұмыс істейді.


Магистранттар дайындау бағдарламасы аясында педагогикалық және ғылыми-зерттеу практикасы жүргізіледі. Аталмыш практикалар Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында, ҚР Президенті мұрағатында, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайда, Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында, Қазіргі өнер галереяларында өтеді.

Қазақстан тарихы мен мәдениеті кафедрасының профессор және оқытушылар құрамының ғылыми зерттеу жұмыстары қазіргі ғылымның өзекті бағыттары бойынша жүргізіледі: алаш қозғалысы, саяси репрессиялар тарихы, күнделікті өмір тарихы, айтылған тарих, саяси репрессиялар тарихы, сталинизм дәуіріндегі тарихтың концептуальдық мәселелері, тарихи демография, қазақтың дәстүрлі және қазіргі өнерінің теориялық негіздері, пейзаждық кескіндеме, өнер педагогикасы, бейнелеу өнерінің теориясын, тарихын және оқыту әдістерін зерттеу, инновациялық көркемдік технологиялар, арт-менеджмент және т.б.

Кафедраның халықаралық байланыстары кең ауқымды және тұрақты. Кафедра Хоккайдо университетімен (Жапония), Ханьшан Педагогикалық университетімен (ҚХР), Мәрмәр университетімен (Түркия), Шауляй университетімен (Литва), Литав эдукологиялық университеті (Литва), «Ауысша тарих» халықаралық ассоциациясы, Тоталитарлық режимдерді зерттеу институты (Прага), Табатаи (Иран) университетімен, Будапешт, Печь университеттерімен (Венгрия), М. Ломоносов атындағы ММУ-мен, РҒА-ның Ресей тарихы институтымен, РҒА Тарих және археология институтының Орал бөлімшесімен, Ага-Хан орталықазиялық университетімен (Нарын қаласы), Ресей ислам университетімен, Новосібір педагогикалық университеттерімен халықаралық байланыстары бар.


Сондай-ақ, кафедра еліміздегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, А. Яссауи атындағы Қазақ-түрік халықаралық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Сүлеймен Димерел университеті сияқты іргелі жоғары оқу орындарымен, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР Президенті мұрағаты, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражай, т.б. ғылыми-зерттеу мекемелерімен тығыз байланыстар орнатқан.


Кафедра қызметкерлері



Кафедра оқытушылары халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға және коллоквиумдардарға белсенді түрде қатысады. Соңғы жылдары олар АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия, Голландия, Польша, Ресейлерде дәрістер оқып, баяндамалар жасады. Кафедраның халықаралық қызметі университет беделін арттыруға және халықаралық білім мен ғылым кеңістігіне енуге бағытталған. Сонымен қатар кафедраның профессор және доценттері Г.Ә.Сексенбаева, Ш.Т.Нұрман, М.Ш.Қалыбекова «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша бір жылдық ғылыми тағылымдамасын (стажировка) Ұлыбританияның Букингем университетінде өтіп жатыр.

Кафедра қызметкерлері Ф. Эберт халықаралық қорының, Мәскеу Дүниежүзілік Банкінің, «HECAP» қорының (Қырғызстан, Тәжікстан, Ұлыбритания), «The Christensen Fund» (АҚШ) қорлары гранттарының, «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық гранттарының иегерлері иегерлері.