Нурлихина Гүлмира Болатқызы

Магистратура және PhD докторантура институтының директоры

Экономика ғылымдарының докторы, профессор


Қымбатты достар!


Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Магистратура және PhD докторантура институты сайтында біздің университетке, институтқа қызығушылық танытып отырған Интернет желісінің барша пайдаланушыларымен қауышып отырғаныма қуаныштымын. Интернетте арнайы бет ашу арқылы қалың қауымға біздің ЖОО туралы айту, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Магистратура және PhD докторантура институтында қалай оқытатыны, біздің ішкі өміріміз бен мақтанатын жетістіктеріміз қандай дегенсұрақтар бойынша нақты және түйінді мәліметтерді жеткізу мақсатын көздеп отырғанынымызды айтқым келеді.


Міне, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің алғашқы студенті alma mater табалдырығын аттағалы бері 85 жыл зымырап өте шықты. Педагог мамандардың ұстаханасындай болған біздің университетіміз жаңа мыңжылдыққа беделді ғылыми және оқу орталығы ретінде қадам басты. Осы жылдар ішінде әлем жаңарып, Ел де өзгеше кейіпке енді. Біздің ҚазҰПУ да өзгерді. Оның қабырғасында болашаққа бағыт алған институттар пайда болды. Біздің Институт – солардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда, Магистратура және PhD докторантура институтында магистратураның 51 мамандығы бойынша білім бағдарламалары жүзеге асырылып, PhD докторанттар ғылыми және білім мамандықтары бойынша оқытылады, сондай-ақ, шетел тілдері бойынша тиімді тілдік даярлық жүргізіледі. Институт құрамында тоғыз кафедра, үш ғылыми-зерттеу институты, ғылыми-оқу зертханалары мен орталықтар жұмыс істейді.


Институт қазіргі біліми және педагогикалық үдерістің психология, филология, халықаралық қатынастар, тарих, философия, дінтану, мәдениеттану, шығыстану, саясаттану, экономика, құқық, басқару және қызметтің басқа да көптеген түрлері бойынша әртүрлі салаларда жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға кең мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, Институт маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кең көлемдегі халықаралық байланыстарды жүргізеді және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады.


Түлектеріміздің халықаралық білім беру мен ғылым стандарттарына сай келетін және жоғарғы мектептің ең үздік дәстүрлеріне негізделген тамаша білімді алып шығуы – Институттың ең басты ерекшелігі болып табылады. Ол кең көлемдегі дүниетаным мен терең кәсіби білімді ала отырып, біздің университетіміздің ерекше атмосферасын бойына сіңіріп, мемлекеттік деңгейде ойлауға қабілетті, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін түсінетін, оларды қорғау мен алға бастыруға даяр адам ретінде өмірге қадам басады.


Осы мәселе білім беру саласына да өте қажет. Себебі, ҚазҰПУ түлектерінің маңызды бөлігі бизнес саласының дамуына, саяси және экономикалық тұрғыдан терең талдау жасап,еліміздің табыстарға жетуіне үлестерін қосуда. Сондықтан да, біздің түлектеріміз жауапты қызмет орындарына қажетті кандидаттар болып қала береді. Олар білім беру саласында, атқарушы мемлекеттік құрылымдарда, банктерде, коммерциялық ұйымдарда және т.б. лайықты еңбек етуде.


Біз Қазақстан Республикасының аймақтары үшін педагог кадрларды дайындау мәселесіне ерекше назар аударамыз. Бүгінгі таңда Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Магистратура және PhD докторантура институты аймақтық педагогикалық жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыс орната отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі мақсатты даярлық келісімшарттары негізінде мамандар дайындайды. Бұлар: педагогтар, филологтар, биологтар, химиктер, тарихшылар, математиктер, физиктер, информатиктер, осы аталған мамандардың ішінде Университетте ең жоғары білімі мен біліктілігін көрсете білгендері республиканың жан-жақты дамуына үлестерін қосу үшін әр тарапқа жіберіледі.


Біздің университет алғаш қалыптасқан күннен бастап еліміздің танымал және беделді жоғары оқу орындарының қатарына енді. Қазіргі кезеңге дейін отандық жоғары оқу орындарының ішіндегі танымал көшбасшы болып қала береді. Біз тек қана біліктілігі жоғары мамандарды даярлап қана қоймай, сонымен бірге интеллектуалды, саяси және еліміздің іскер элитасын жасақтаймыз. Біз, Қазақстанның болашағын дайындаймыз!