Cыртқы академиялық ұтқырлық

Жыл сайын ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Магистратура және PhD докторантура институтында докторанттардың ғылыми кеңесшілері ретінде шақырылған профессорлардың немесе әртүрлі шетелдік университеттерден, ғылыми институттар мен халықаралық ұйымдардан халықаралық зерттеу жобалары аясында келушілердің дәрістері мен семинарлары өткізіледі.

2013 жылы 24 докторант пен 418 магистрант Германия, ҚХР, Литва, Латвия, Ресей, Корея Республикасы, Франция, Венгрия, Украина, АҚШ, Түркия, Испания және т.б. шетелдік серіктес ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өтті. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамасы – қабылдаушы немесе жіберуші университеттердің білім бағдарламаларының ерекшелігі ескеріле отырып жасалатын оқудың тиімді түрі болып табылады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында үздік магистранттар шетелдік серіктес ЖОО-да бүкіл семестр бойы оқуға мүмкіндік алады.

Iшкі академиялық ұтқырлық

магистранттар үшін серіктес ЖОО-да бүкіл семестрлік немесе жылдық курсты өту арқылы ұзақ уақыт бойы оқуды, ал оқытушылар үшін, жетекші қазақстандық ЖОО-да жұмыс істеуді қарастырады. Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламалары Қазақстанның аймақтық педагогикалық университеттері және институттарының серіктестігі негізінде жүзеге асырылады.