Кафедра оқытушы, магистрант және докторанттардың қатысуымен ұйымдастырылған «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы тарихи зерттеудің инновациялық технологиясын игеруді, сондай-ақ оны оқу процесінде және қоғамда жаңа тарихи таным мен сана қалыптастыру міндетін көздейді. 2012-2013 жылдар Орталықтың жұмысы мынадай бағытта және ауқымда жүрді. Құрамында оқытушы, магистрант және докторанттар бар ғылыми экспедиция Алматы облысы мен Алматы қаласы тұрғындары арасында экспедициялық зерттеу жұмыстарын жүргізді:

  1. Алматы облысы Ескелді ауданы (2013 сәуір және маусым): Алматы облысы Ескелді ауданына «Өткен ғасырдағы қазақ ауылы оның тұрғындарының көзімен (Алматы облысы мысалында)»;
  2. Алматы қаласы Алатау ауданы (2013, сәуір): Алматы қаласы Алатау ауданының 11 елді мекендерін қамтыған жұмыс тобы «Шаңырақ: ауыл халқының қала өміріне бейімделуі»;

Экспедиция жұмысына қатынасқан оқытушылар, докторанттар мен магистранттардың саны – 46, сұхбат алынған репонденттердің саны – 257. Жыл ағымында ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат ұжымы мен Қазақстан тарихшылар қауымдастығы және «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен айтылған тарих материалдарынан дерек қорын құруға байланысты ҚРОММ-да таныстыру рәсімі өткізілді және мұрағатқа зерттеуден алынған деректік құжаттар тапсырылуда. «Айтылған тарих» ғылыми – зерттеу орталығы халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуда. АҚШ, Чехия, Россия, Литва, Латвия, Венгриямен «Айтылған тарих» (Oral history) саласында жұмыс жасайтын орталықтарымен ынтымақтастық қарым – қатынас орнатқан.