Жм, 17-10-2014

Президенттік шәкіртақыны ресми түрде тапсыру салтанаты

8 қазан 2014 жылы Гумилев атындағы Еуразия университетінде Президенттік шәкіртақыны ресми түрде тапсыру салтанаты болып өтті.

ҚР Білім және Ғылым министрі Аслан Сәрінжепов оқудағы үздік көрсеткіштері, ғылыми-зерттеу жұмысындағы жоғары жетістіктері мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті магистратура және PhD докторантура институтының көптілді білім беру кафедрасы 6М011700-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс магистранты Тұманқызы Рауанға Назарбаев атындағы шәкіртақының сертификатын табыс етті.