Сіз біздің Магистратура және PhD докторантура институтына түсе отырып, қазақстандық дипломмен қатар, біздің шетелдік серіктес ЖОО бітіру туралы дипломды алу мүмкіндігіне ие боласыз.

Біз төмендегідей қос дипломды бағдарламаларды ұсынамыз:

  • Сорбонна Университеті (Франция): «Менеджмент», «Халықаралық қатынастар».
  • Гирне университеті (АҚШ): «Психология».
  • Ухань университеті (ҚХР): «Халықаралық қатынастар».
  • Эдукологиялық университет (Литва): «Педагогика және психология».
  • Хубей технологиялық университеті (ҚХР): «Қытай тілінің оқытушысы/ Шет тілі: екі шет тілі», «Информатика», «Шығыстану», “Электронды бизнес /Маркетинг».
  • Гранада университеті (Испания): «Филология» (PhD) .
  • Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті: «Информатика».
  • Пшасын қаласындағы Халықаралық тілдердің жоғарғы мектебі (Польша): «Филология».
  • Балтық Халықаралық Академиясы (Латвия): «Халықаралық қаржы/Қаржы», «Кәсіпкерлік қызметті басқару /Менеджмент».
  • Мәскеу мемлекеттік облыстық университеті: «Физика», «Педагогика және психология», «Филология (шетелдіктер үшін)».
  • Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университет»: «Бейнелеу өнері және сызу», «Биология», «Химия».

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті білім берудегі ақпараттық технологиялар бойынша (ИИТО ЮНЕСКО) ЮНЕСКО институтының қамқорлығымен дайындалған «Мұғалімдерді кәсіби дамытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» атты халықаралық магистрлік бағдарламаны жүзеге асыруға қатысуда. Келісілген білім бағдарламасы бойынша магистр даярлауды жүзеге асыру нәтижесінде бітірушілерге магистр дипломына қосымша ретінде ИИТО ЮНЕСКО сертификаты беріледі.

Что такое двудипломное образование

Двудипломное образование – возможность параллельного обучения по двум учебным планам (образовательным программам) с целью получения двух равноценных дипломов (Double Major) или одного основного и второго дополнительного дипломов (Major - Minor)