Магистратураға тапсырушыға қойылатын талаптар:

  • Бакалавр дипломы;
  • Түсу емтиханын тапсыру үшін шетел тілін тиісті деңгейде білу.

Магистратураға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • Ректордың атына өтініш (үлгі бойынша);
  • Жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Талапкер сауалнамасы (көк сиямен өз қолымен баспа әріптерімен жазылады);
  • Нотариус куәландырған диплом және оның қосымшасының көшірмесі;
  • Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
  • 086-У түрі бойынша медициналық анықтама;
  • Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
  • Нотариус куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • Егер бар болса, шетел тілін тапсырғаны туралы сертификат (TOEFL және т.б.);
  • Мекеме атынан оқуға ақылы негізде түсушілер үшін шартқа отыру және оқудың төлемақысын төлейтіндігі туралы кепіл хат немесе заңды тұлғамен келісім шарт;
  • Мекен-жайы туралы анықтама;
  • 3,5х4,5 көлеміндегі 6 фотосуреті;
  • Құжаттарының тізімдемесі.

Бағдарламаға түсу шарттары

Магистратураға талапкер ҚР азаматтары тапсырады:

  • стандартталған сынақтан өткізу технологиясы бойынша шетел тілінен емтихан (ағылшын, неміс, француз және қажет етілетін мамандықтарда араб тілі);
  • мамандығы бойынша емтихан.

Шетел азаматтары тапсырады:

  • қазақ немесе орыс тілін (оқу тілі);
  • мамандығы бойынша емтихан.

Докторантураға тапсырушыға қойылатын талаптар:

  • магистр академиялық дәрежесі бар адамдар (мемлекеттік білім беру грантын алу үшін конкурста магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытын бітіргені жайлы GPA үлгерімдік орта баллы 3,33 (4,0-ден) немесе 90% (100%-дан) кем болмауы қажет);
  • PhD докторантураға түсемін деуші талапкерлер шет тілін жеткілікті деңгейде білуі қажет.

PhD докторантураға тапсыру үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  • Ректордың атына өтініш (үлгі бойынша);
  • Жоспарланып отырған отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен
  • келісілген (ғылыми кеңесшінің қолы жұмыс орнының мөрімен расталуы керек) жобаланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі (тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу нысаны мен пәні, ғылыми жаңалығы, күтілетін ғылыми нәтиже, теориялық және қолданбалы маңызы және болжамдағы диссертациялық жұмыстың құрылымы);
  • Жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Докторантураға талапкердің сауалнамасы;
  • Нотариус куәландырған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломдары мен қосымшаларының көшірмесі;
  • Ұсыныс хат (ұйымның мөрімен расталған);
  • Ғылыми басылымдары мен оқу-әдістемелік құралдарының тізімі;
  • 086-У түрі бойынша медициналық анықтама;
  • Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
  • Кадр бөлімі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • Егер бар болса, шетел тілін тапсырғаны туралы сертификат (TOEFL және т.б.);
  • Мекен-жайы туралы анықтама;
  • 3х4 көлеміндегі 6 фотосуреті;
  • Құжаттарының тізімдемесі.

Бағдарламаның ұзақтығы: 3 жыл.

Оқу түрі : күндізгі, семестрлік (15 апта).

Қабылдау емтихандары

Докторантураға талапкер ҚР азаматтары тапсырады:

  • стандартталған сынақтан өткізу технологиясы бойынша шетел тілін (ағылшын, неміс, француз);
  • мамандығы бойынша. Шетел азаматтары тапсырады:
  • қазақ немесе орыс тілін (оқу тілі);
  • мамандығы бойынша.

Магистратураға және PhD докторантураға үміткерлердің құжаттарын қабылдау Абай атындағы ҚазҰПУ-де 2014 жылдың 10-30 шілдеcі аралығында жүргізіледі.