Институт туралы пікірлер

Абай атындағы ҚазҰПУ – бұл, шынында да, отандық және шетелдік жетекші ғалымдармен кәсіби қарым-қатынасқа шынайы мүмкіндік беретін Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарының бірі.

Абай атындағы ҚазҰПУ – бұл, шынында да, отандық және шетелдік жетекші ғалымдармен кәсіби қарым-қатынасқа шынайы мүмкіндік беретін Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарының бірі. Мысалы, біз осы уақытқа дейін А.Н. Джуринский (Ресей), Adama Jagiello-Rusilowski (Польша) сияқты шетелдік педагогтардың дәрістерін тыңдап үлгердік.

Мұнда ғылыми қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Менің ғылыми-зерттеу жұмысыма п.ғ.д., профессор Б.А.Тұрғынбаева және әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының Топ-500 қатарына кіретін Лейпциг университетінде сабақ беретін PhD докторы, профессор К.Либерс сынды екі кеңесші көмектеседі. Магистратура және PhD докторантура институтының көптеген серіктес жоғары оқу орындары бар, сондықтан әрбір докторант үшін шетелдік ғылыми кеңесшіні таңдау мүмкіндігі жоғары. PhD докторантурада оқу – бұл тек қана оқу және ғылыми-зерттеу үдерісі емес, бұл сондай-ақ, оқудан тыс уақыттағы қызықты өмір!