Дс, 07-04-2014

Заманауи информатикалық және математикалық білім беру

1 сәуір 2014 күні Магистратура және PhD докторантура институтының Информатика, математика жөне білімді ақпатараттандыру кафедрасы магистранттары мен докторанттарының ұйымдастыруымен «Математиктер мен информатиктер күні» мерекесі аталып өтті. Осы мерекелік шараға сәйкес «Заманауи информатикалық және математикалық білім беру» атты ғылыми –әдістемелік семинар болды. Мерекелік шараға қазақстандық жоғары оқу орындарынан және орта мектерден ғалым-педагоктар шақырылып, магистраннтар өз зерттеу жұмыстарына сай баяндамалар жасап, көппшіліктің қызығушылығын туғыза білді.

Сондай-ақ, мерекелік күннің ашылу салтанаты өткізілгеннен кейін оқушы магистранттар мен докторанттар күннің құрметті төрағасын тағайындап, өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтармен көпшілікті танустыру рәсімін өткізді, Жас математиктер жанұясына келген қонақтардан бата алды. Мерекелік күннің қорытындысы ретінде "Математиктер мен информатиктер күні" құрылтайының мәлімдесін қабылдады

Мәлімдеме

«Мәңгілік ел» идеологиясының негізінде қазақ елі мемлекетінің математиктері мен информатиктері өсіп - өніп жасай берсін!

Қазақстанның математик - информатиктері бірігейік!

Біздің ҚазҰПУ-да білім беруі мен ғылыми ізденіс жұмыстары қатар жүргізіледі.

Кез-келген ғылымның іргелілігі сол ғылымға математиканың қалай қатысқанына байланысты болса, білім беру іргелілігі де математиканың қаншалықты қатысқанына байланысты. Сондықтан да біздің, Абай атындағы ҚазҰПУ, жанындағы Магистратура және PhD докторантура институтының табиғи ғылым бағытындағы математикалық және информатикалық білім беру қатар жүруі керек!

Біздер де бір күн биіктен көрінерміз,

Өрнек болып өмірге өрілерміз.

Бір мамандық, бір топта оқып жүріп,

Магистрлер неге екіге бөлінеміз.

Қойымды қамағандай қосқа апарып,

Бекер шаршап жүрміз бе, босқа талып,

Түсінбейміз біздерді бөліп – жарып,

Неліктен бакалавриатқа қосты апарып?

«Білімді ақпараттандыру» үлкен алғыс,

Бұл жайлы көп ұрандар бізге таныс.

Заманға сай жағдайлар жасалмаса,

Құр сөзбен оны қалай дамытамыз!