Жс, 23-02-2014

«Б. Хасанұлының шығармашылығындағы әлеуметтік лингвистика мәселелері» атты ғылыми семинар

05 желтоқсанда 2013 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Магистратура және PhD докторантура институтының жиналыс залында филология мамандықтары кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Г.Қосымованың ұйымдастырумен университет профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Б.Хасанұлының шығармашылығына қатысты өткізілген «Б.Хасанұлының шығармашылығындағы әлеуметтік лингвистика мәселелері» атты ғылыми семинар болып өтті.

Бұл халықаралық семинарға шетелдік және отандық білікті ғалымдар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институтының профессор-оқытушылар құрамы және магистрант-докторанттар қатысты.

Ғылыми семинар Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4103 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында», сондай-ақ 1998 жылғы 14 тамызда қабылданған №769 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту туралы» қаулысында көзделген шараларды жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында, Қазақстандағы тілдерді қолдану мен дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесі, бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік рөлі және қолданылу аясы, осы бағытта еңбек жазып жүрген Б.Хасанұлының рөлін көрсетуге бағытталды.

Ғылыми семинардың ашылуына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институтының директоры Г.Б. Нурлихина, филология мамандықтары кафедрасының меңгерушісі Р.Ә. Шаханова, Қазақстан халықтары Ассамблеясы директорының орынбасары, профессор К.И. Мирзоев сөз сөйледі.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://b74769j9.bget.ru/index.php/kaz/zhanalyqtar/item/3-lingvistika-maseleleri#sigProGalleriaecff5482a3

Сондай-ақ жарыс сөзге институттың Қазақстан тарихы мен мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор М. Қойгелдиев «Мемлекеттік тіл ұстанымы жолындағы профессор Б.Хасанұлының қызметі», Мұғла Сытқы Кочман университетінің (Түркия) профессоры, ф.ғ.д. Али Акар және Кенан Коч, Кази университетінің (Түркия) профессоры, ф.ғ.д. Х. Касаоглы, Магистратура және PhD докторантура институтының ардагерлер кеңесінің төрағасы, с.ғ.д., профессор Ә.Е. Шалтықов «Қоғам дамуына еңбек ардагерлерінің қосқан үлесі», филология мамандықтары кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Л.К. Жаналина «Развитие идей профессора Б.Хасанулы о полиязычии в современной лингвистике», сонымен бірге кафедраның ғалымдарынан М.Р. Кондубаева, Г.С. Қосымова, Б.Т. Қабатай, Ж.Қ.Балтабева, М.А.Раимбекова, Қ.Ө. Есенова, А.О.Тымболова,

Г.Т. Бейсенбекова, Д. Д. Шайбақова және т.б. өздерінің пікірлерін білдірді.

Профессор Б. Хасанұлы «Мемлекеттік тілді дамытудың социолингвистикалық және психолингвистикалық тетіктері» атты тақырыпта сөз сөйлеп, дөңгелек үстелді қорытындылады. Халықаралық семинардың ғылыми-танымдық мәні жоғары болды.