Дс, 10-03-2014

Мамандықтың үздік магистранты

2014 жылдың 5- наурыз күні Магистратура және докторантура институтының педагогикалық мамандықтар кафедрасының ұйымдастыруымен (меңгерушісі п.ғ.д.,профессор Б.А.Тұрғынбаева) «Мамандықтың үздік магистранты» атты тақырыпта конкурс өткізілді.

Конкурстың мақсаты: Магистранттардың кәсіби шеберлігін, дағдысын және теориялық дайындығын жетілдіру.

Конкурста ашық сабақ өткізу, зерттеу тақырыбы бойынша портфолио жинақтау, өзін-өзі таныстыру, педагогикалық жағдаяттарды және шығармашылық тапсырмаларды шешу, шешендік өнер, өз өнерін көрсету сияқты номинациялар қамтылды.

Сайыстың шешуші турына қатысқандар:

1. Абдишова Ақнұр - «Педагогика және психология» (көп тілді) мамандығы 1 курс;

2.Ауезова Айжан – «Мектепке дейінгі білім және тәрбие» мамандығы 1курс;

3.Жұмабаева Жазира – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 1 курс;

4.Турумбетова Бағила - «Педагогика және психология» (көп тілді) мамандығы 1 курс

Магистранттар өздеріне берілген тапсырмаларды уақытты ұтымды пайдалана отырып, ұтқырлықпен, шеберлікпен жауап беріп, өздерінің білімді де шығармашылық дағдыларын, өнерлерін мамандықтарына деген кәсіби дайындықтарын көрсете білді. Қазылар алқасы (п.ғ.д.,профессор Б.А.Тұрғынбаева, п.ғ.д.,профессор А.Е.Манкеш, п.ғ.к.,доцент Б.М.Қосанов) магистранттардың еңбегін (балл жүйесі) бойыншы әділ бағалап, төмендегі магистранттар Ауезова Айжан, Турумбетова Бағила, Абдишова Ақнұр жеңімпаз деп танылып Жұмабаева Жазира «Мамандықтың үздік магистранты» деген атаққа ие болып, диплом, ақшалай және заттай сыйлықтармен марапатталды.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://b74769j9.bget.ru/index.php/kaz/zhanalyqtar/item/8-luchshyi-magistrant#sigProGalleriacaf79f7b6b