Институт туралы пікірлер

Информатика және механика-математикалық мамандықтар кафедрасы туралы:

Кафедраға еңбектері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де танымал кәсіпқойлар ұжым болып жинақталған. Академик Е.Ы.Бидайбековтың ғылыми мектебі – өзінің зерттеу жұмыстарын мектептер мен жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі мәселесіне, сондай-ақ, білімді ақпараттандыру сияқты аз зерттелген салаға өзінің зерттеу жұмыстарын арнаған бірден-бір мектеп болып табылады. Зерттеу саласы Қазақстан үшін де, Ресей үшін де өте маңызды болып табылатын ғылыми-әдістемелік жұмыстарының нәтижесін кафедра ұжымы магистранттар мен докторанттарды даярлау барысында үздіксіз жас буынға беріп келеді. Кафедраның барлық қызметкерлеріне қызықты шығармашылық жұмыс және табыс тілеймін!