Институт туралы пікірлер

Менің алдымда магистр дәрежесін қандай университетте аламын деген таңдау пайда болған кезде көп ойланған жоқпын және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институтын таңдадым

Менің алдымда магистр дәрежесін қандай университетте аламын деген таңдау пайда болған кезде көп ойланған жоқпын және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институтын таңдадым. Мүмкін, бұл таңдауға мен үшін Абай атындағы ҚазҰПУ alma mater болғандықтан да әсер еткен шығар. Қазақстанның ең байырғы және жетекші педагогикалық оқу орнында жоғары білім алу мен үшін мақтаныш болып табылады. Қазір осында оқи жүріп, қателеспегеніме көз жеткізудемін. Оқытушылар ұжымы – әділетті және талапшыл. Мен де, олар сияқты кәсіпқой маман болып шығатыныма сенімдімін.