Институт туралы пікірлер

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстан Республикасының жетекші университеттерінің бірі және солай болып қала бермек.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстан Республикасының жетекші университеттерінің бірі және солай болып қала бермек. Ол үнемі жаңа және маңызды мәні бар республикалық педагогикалық білім беру бастамаларына мұрындық болып келеді. Дәл осы жерде білім беру жүйесін дамытуға қабілетті жаңа формацияға тән мамандар даярлайтын республикадағы жеке-дара Магистратура және PhD докторантура институты ашылды. Мен соңғы жылдары педагогика тарихы, салыстырмалы педагогика, көпмәдениетті ортада тәрбиелеу мәселелері бойынша дәріс оқитын болғандықтан Магистратура және PhD докторантура институтымен тығыз байланыстамын. Аудиторияның ресейлік және әлемдік білім беру саласында болып жатқан әрбір жаңалыққа жіті назар аударатынын қызыға бақылаймын.

Абай атындағы ҚазҰПУ-мен ынтымақтастық үдерісінде белсенді түрде жұмыс істей алатын, оқытудың қазіргі инновациялық технологиясын меңгерген оқытушылар мен ғалымдардың жоғары ғылыми және шығармашылық әлеуетіне тәнті болдым. МжДИ-дің жоғары сапалы білімді қамтамасыз ететін нақты және дұрыс бағытты айқындап алғаны анық. Магистранттар мен докторанттар өзіндік ғылыми ізденісті қалыптастыратын, өзін-өзі танытатын, білім беру саласында болып жатқан өзгерістерге өзіндік көзқарасын көрсете алатын сапаларға, яғни, қазіргі ғалым-педагогқа қажетті сапаларға ие.

Шетелдік ЖОО арасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жоғарғы рейтингке ие. Университет жаңа биіктіктерді бағындыра отырып өсу үстінде. Қазақстанның тұңғыш жоғары оқу орнының халықаралық мойындауларды алатын күні де алыс емес сияқты. Қазақстанның жетекші педагогикалық жоғары оқу орнына одан ары гүлдене бер және жоғарғы әлемдік стандарттар бойынша маман даярлауда жетістіктерге жете бер деп тілек айтқым келеді.