Институт туралы пікірлер

Абай атындағы ҚазҰПУ-ға барғанда алған әсерлер

Мен Мұсатаева Манаткүл сияқты тамаша ғалым, профессормен кездесуге мүмкіндік бергені үшін тағдырға ризамын. Біздің таныстығымыз бен ынтымақтастығымыздың арқасында мен Алматыға келдім. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мен жүргізетін сабақтар, маған өте қызықты адамдармен – магистранттармен, докторанттармен және оқытушылармен танысуға мүмкіндік береді. Бір апта ішінде мен Алматы қаласында көп нәрсені көріп үлгердім және мен үшін белгісіз мәденитаралық коммуникацияның қырларын аша түсетін өте бай қазақ мәдениетіне жеңіл де болса жанасқандаймын. Мен сабақ беретін Магистратура және PhD докторантура институтында әлемнің көптеген елінен келген, әр түрлі ұлтқа жататын магистранттар мен докторанттар оқиды. Сондықтан да, мәдениетаралық коммуникация жөніндегі сабақ ерекше маңызға ие болады. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушы құрамы мен магистранттарының өте ынтымақты және толерантты екендігіне осы жолы тағы да көз жеткіздім. Алдағы уақытта Қазақстан мен Польша арасындағы ғылыми ынтымақтастық жалғасын табады деп сенім білдіремін.