Институт туралы пікірлер

Менің Магистратура және PhD докторантура институтында болған кезеңім, өте тығыз жұмыстарға қарамастан, оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыру мен ұжымның қонақжай қарым-қатынасының арқасында тез әрі өнімді болып өте шықты

Менің Магистратура және PhD докторантура институтында болған кезеңім, өте тығыз жұмыстарға қарамастан, оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыру мен ұжымның қонақжай қарым-қатынасының арқасында тез әрі өнімді болып өте шықты. Осы жерде алған әсерлерімді айта кеткім келеді: 1. Информатика, математика және білімді ақпараттандыру кафедрасында өз мамандығына бей-жай қарамайтын, жауапты және сауатты мамандар жұмыс істейді. Олар ғылым мен оқу қызметінің жаңа және қиын мәселелерін шешуден, білімді ақпараттандыру саласының «пионерлері» болудан қорықпайды. Мысалы, қызметкерлер электронды оқыту әдістерін, қашықтан оқытуды, сондай-ақ халықаралық ғылыми вебинарлар мен видеоконференцияларды қоса белсенді енгізуде. 2. Бидайбеков Есен Ықыласұлы – бірлігі жарасқан кәсіби ұжымның басты қозғаушысы, елдегі білімді ақпараттандыру үдерісінің прогрессивті дамуына жаны ауыратын, өз қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді ендіріп жатқан және осыған өзгелерді итермелейтін адам болып табылады. Оның белсенді өмірлік ұстанымдарының арқасында көптеген алдыңғы қатарлы технологиялар мен қазіргі ғылыми және инновациялық идеялар оның шәкірттері мен кафедрасының оқытушылары тарапынан игеріліп, ғылымға сәтті енгізілуде. .