Институт туралы пікірлер

Иә, қазақ білімінің қарашаңырағындағы ұстаздар ұлағатынан нәр алу – екінің біріне бұйырмаған бақ!

Әркімнің де мақсаты бар діттеген, Кез-келгеннің маңдайына бітпеген. Магистрлік бұл бір биік мәртебе, Мұндай сыйды мен Алладан күтпегем...

Иә, қазақ білімінің қарашаңырағындағы ұстаздар ұлағатынан нәр алу – екінің біріне бұйырмаған бақ! «Мұғалімдік» дейтін дара даңғылдың бойымен жүріп, ұрпақ санасына ұлттық рух пен ар-иманның дәнін егу – педагогика және психология саласының алтын арқауы! Елбасы шәкіртақысына ие болу – менің ғана жеңісім емес, ұстаздар еңбегінің жемісі! Қазақ мүддесінің үстем, ұлт ұпайының түгел болуы жолында барымыз бен жанымызды салып қызмет етуді жазсын!.