Институт туралы пікірлер

Білім алушылар өздерінің жоғары білім негізін қалыптастыруда ұлттық жоғары оқу орындарына сенім артады.

Білім алушылар өздерінің жоғары білім негізін қалыптастыруда ұлттық жоғары оқу орындарына сенім артады. Осындай алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқитыныма шынайы ризамын. Университетіміз еліміздің жетекші оқу орындарының қатарында. Білім алушылар жыл сайын өтетін жастар мен қоғамның заманауи өзекті мәселелері талқыланатын ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. Университетіміз отандық және шетелдік білім ордаларымен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан. Соның негізінде бірқатар магистранттар Польшадағы Адам Мицкевич атындағы Познань университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп келдік. Тәжірибе жинау мақсатымен «Неофилология» факультетіндегі «Азиятану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу бағыттарымен танысып, дәріс-сабақтарына қатыстық. Сондай-ақ, магистрлік диссертацияларымыздың тақырыптары бойынша материалдар жинау үшін Познань ғылыми кітапханасында жұмыс жасадық. Осы университетте оқып жүріп, президент шәкіртақысының иегері атандым. Бұл мен үшін – үлкен жауапкершілік. Болашақта Қазақстанымыздың игілігіне еңбек етемін деген сенімдемін. Еліміздің әр өңірінен келген жастардың бас қосқан ортасы болған университетіміздің білімді, бәсекеге қабілетті мамандар даярлап шығаратынына іс жүзінде көзім жетті. Егер Сіз де білім алуға талпынып, жоғары деңгейге ұмтылсаңыз, міндетті түрде бәсекеге қабілетті маман болып шығасыз.