Институт туралы пікірлер

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институты пәндерді оқытудың кешенді және біртұтас жүйесін ұсынады.

С. А. Балашенко Белорус мемлекеттік университеті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Магистратура және PhD докторантура институты пәндерді оқытудың кешенді және біртұтас жүйесін ұсынады. Магистратурадағы оқу – университеттік іргелі білім мен қазіргі әлемдік деңгейдегі өндірістік және педагогикалық тәжірибені ұштастыру мүмкіндігіне ие болу дегенді білдіреді. Бұл – біздің оқу үдерісінің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Магистранттар оқу үдерісі барысында өз саласының ең жоғары білікті кәсіпқойларымен өзара қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігіне ие болады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті магистратурасының өзіндік артықшылығы – бұл, бағдарламалардың инновациялық мазмұны және өз жетістіктерімен бүкіл елге әйгілі ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшелері, ғылым докторлары мен профессорлары оқитын өзіндік жаңалығы мен қажеттілігі жағынан әсерлі курстардың тізімі. Бұл жағдай білім алушыларға кәсіби қалыптасу мен өсуде ерекше тәжірибе жинауға, жас мамандардың лидерлік сапасын дамытуға және мәдениетаралық қарым-қатынастағы кәсіби машықтың қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті магистратурасы дегеніміз –кәсіби жолға шығар жастар үшін жасалған тамаша мәре сызығы!