Mon, 17-03-2014

"Үздік бөлме" байқауы өтті

Жақында Магистратура және PhD докторантура институтының Магистранттары мен докторанттары кеңесінің бастамасы бойынша университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Е.Ішпекбаевтың қолдауымен Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы мен Магистратура және PhD докторантура институты директорының орынбасары С.Қ.Шілдебай бірлесе отырып № 8 жатақханада «Үздік бөлме» байқауын өткізді.

Байқау нәтижесін жариялар алдында бір сағаттық тәрбиелік мазмұндағы концерттік бағдарлама көрсетілді. Бұл шараны Магистратура және PhD докторантура институтының Магистранттары мен докторанттары кеңесінің белсенді мүшелері Ибраимов Саят Нұрқасымұлы мен Құдайбергенов Нұрбол Жұмағалиұлы жүргізді. Ал Жатақхана кеңесінің Долдықан Маралбек («6M010900 – Математика» мамандығының 2 курс магистранты), Мураталиева Айнаш («6M011300 – Биология» мамандығының 2 курс магистранты), Дюсенбаева Жансая («6M011300 – Биология» мамандығының 2 курс магистранты), Демеуова Айзада («6M050300 – Психология» мамандығының 2 курс магистранты) сияқты белсенді мүшелері кештің көрігін қыздырып, Эстрада-цирк колледжінен келген арнайы жас қонақтарымыз әсем әндерін сыйлады.

Осы байқаудың үздік бөлмелерін анықтау мақсатымен құрылған арнайы комиссияның шешімі бойынша үздік бөлме иелері мақтау қағаздарымен және жатақхана тұрмысына қажетті бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сәбит Шілдебай,

Магистратура және PhDдокторантура

институты директорының орынбасары